Қоғам • 23 Желтоқсан, 2025

Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында қызылша дерті қайта өршіді. Күн сайын 20-25 жағдай тіркеліп отырғандықтан балаларға екпе жұмысы жүргізіле бастады. Екпені тіркелген емханада тегін алуға болады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда қызылша ауруына шалдығу көрсеткіші өсті

Фото: Информбюро

Жоспарлы екпелер 1 және 6 жасар балаларға жүргізіледі. Қосымша (нөлдік) доза (аталған доза – жоспарлы екпені алмастырмайды, тек уақытша қорғаныс береді) 6 айдан 11 айға дейінгі балаларға салынады.

Мамандардың түсіндіруінше, екпе жұмысы әр балаға жеке жағдайына қарай салынады. Екпе алар кезде баланың денсаулығы қалыпты болуы тиіс. Өйткені қызылша – өте жұқпалы инфекциялардың бірі.

Таралуының негізгі себебі – екпе алудан бас тарту, жоспарлы екпені өткізіп алу.

Дәрігерлер ата-аналарды балаларына уақытылы екпе салғызуға шақырып жатыр. Себебі бұл – баланың денсаулығын қорғап, індеттің таралуын тоқтатуға септеседі.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35