Тағзым • Бүгін, 08:38

Рухтың биік бейнесі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ киносының мэтрі, мәдениет пен өнердің асқар тауына айналып бір дәуірдің рухын арқалап өткен алып тұлға Асанәлі ағамыз да пәниден бақиға бет бұрды.

Рухтың биік бейнесі

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Мыңдаған адамның жү­регінде із қалдырған ұлы ак­тердің кетуі өлімнің ақиқат екенін түсінетін саналы жанның бәрін сең соққандай етті…

Мынау мазасыз дүниеде безгек тигендей селкілдеп қалдық.

Жүрек сыздағанымен, жан мұздаға­нымен ажалға қарсы амалымыз жоқ.

Ұлт киносының «Алтын қорына» өлмес рөлдер мен шебер­лік үлгісін қалдырған Асанәлі ағамыз өнер қуатымен қазақ халқын әлемге танытты. Оның әрбір рөлі – сахна мен экрандағы шынайы адам тағдыры, қазақ рухының биік бейнесі еді. Өзіне тән өнері мен шеберлігі арқылы ұлттық мәдениеттің қандай болатынын ұқтыра алды. Көзі тірісінде аты аңызға айналған Асанәлі ағаның өнері, ұстаздық шеберлігі ұрпақтан-ұрпаққа жететін баға жетпес мұра. Өз дәуірін қапсыра «құшақтаған» күйі әрбір ойлы көрермен жүрегінің төрінде сақталады. Қайталанбас өнерімен, тағдыр сынағына қара нардай төтеп берген қасиетімен жұрт есінде қалады. «Көре­міз» бағдар­ламасының түсіріліміне таяуда ғана қатысып едік. Сонда: «Ана Жармақты» барлық жерде қоюың керек. Сен өзіңді дә­лелдеп келесің ғой», деген-ді…

Мақтау сөзді орынсыз айта бермейтін ағаның ризашылық білдіргені деп қабылдағам. Бәл­кім, аманаты…

Алды да, соңы да жарық болғай!

 

Бекжан Тұрыс,

шәкірті, өнер қайраткері 

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 09:15

Алатау аласарған күн...

Тағзым • Бүгін, 08:52

Ел мақтанышы болып қалады...

Тағзым • Бүгін, 08:43