– Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 20:00-ден бастап Батыс Қазақстан облысында жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды, – делінген хабарламада.
Шектеу келесі автожол учаскелерінде енгізілді:
«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы: 195–246 шақырым (ЖП посты – Сырым бақылау пункті);
«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы: 273–393 шақырым (Жымпиты ауылы – Барбастау ауылы);
«Атырау – Орал» автожолы: 373–492 шақырым (Чапаев ауылы – Орал қаласы).
Алдын ала мәлімет бойынша, жол қозғалысын 23 желтоқсан сағат 08:00-де қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Қызылорда облысында да көлік қозғалысына шектеу қойылды.
– 2025 жылғы 22 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының бұзылуына байланысты РФ шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы автожолының 1362-1646 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арал қаласынан Жосалы ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, – делінген ақпаратта.