Білім • Бүгін, 11:50

ArtSport-тың дәуірі аяқталды: Балалар енді тегін үйірмеге қатыса алмай ма?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ArtSport платформасы жұмысын тоқтатады. Алайда ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ: мемлекеттік бағдарлама жойылмайды, тек оның есепке алу жүйесі өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ArtSport-тың дәуірі аяқталды: Балалар енді тегін үйірмеге қатыса алмай ма?

Фото: Ашық дереккөз

Туризм және спорт министрлігі ArtSport платформасының жабылуына қатысты ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, аталған сервис тек ваучерлерді тіркейтін техникалық құрал болған және оның оператормен келісімшарт мерзімі аяқталды.

Балалардың спорттық және шығармашылық секцияларын тегін қамтуды көздейтін мемлекеттік тапсырыс бұрынғыша жалғаса береді. Қазіргі уақытта әкімдіктер үйірмелерді есепке алатын жаңа, баламалы цифрлық жүйелерге көшуді жоспарлап отыр.

Жаңа платформаның қалай жұмыс істейтіні туралы толық ақпарат алдағы уақытта қосымша жарияланады. Айта кетейік, балаларды жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы елімізде 2021 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар