Фото: Depositphotos.com
Forbes басылымының хабарлауынша, бұл байлықты есептеу әдістемесінің қайта қаралуынан болған. Бұған Делавэр штаты Жоғарғы сотының шешімі негіз болды. Сот Масктың 2018 жылы Tesla акциялары бойынша алған опциондарына қатысты бұрынғы үкімнің күшін жойды.
Бұл опциондардың құны шамамен 139 миллиард долларға бағаланады. Сот процестері жүріп жатқан уақытта Forbes бұл соманың тек жартысын ғана есепке алып келген болатын. Енді сот шешімінен кейін опциондар толық көлемде есепке алынып, нәтижесінде Масктың байлығы рекордтық көрсеткішке жетті.
Илон Маск байлығының өсу динамикасы:
- 2021 жылғы қаңтар – 190 млрд доллар;
- 2021 жылғы қыркүйек – 200 млрд доллар;
- 2021 жылғы қараша – 300 млрд доллар;
- 2024 жылғы желтоқсан – 400 млрд доллар;
- 2025 жылғы қазан – 500 млрд доллар;
- 2025 жылғы желтоқсанның басы – 677 млрд доллар;
- Қазіргі уақытта – 749 млрд доллар.
Осылайша, SpaceX пен Tesla компанияларының негізін қалаушы әрі иесі Илон Маск Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адам мәртебесін нық сақтап тұр.