Қоғам • Кеше

Алматы тауларында сноуборд тепкен қыздың мәйіті табылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларында сноуборд теуіп жүріп жоғалып кеткен қыздың мәйітін құтқарушылар тапты. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

Алматы тауларында сноуборд тепкен қыздың мәйіті табылды

Ведомствоның мәліметінше, 19 желтоқсанда полицияға Алматыда қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Оның туысы қыздың таулы аймаққа сноуборд тебуге шығып, кейін байланысқа шықпай қалғанын айтқан.

Осыдан кейін дереу ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылып, полиция қызметкерлері, ТЖМ құтқарушылары және еріктілер іздестіру жұмыстарына тартылған. Оқиға орнында Алматы қаласы мен Алматы облысы ТЖД қызметкерлерінің басшылығымен жедел штаб құрылған.

20 желтоқсан күні сағат 13:04-те іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Бутаков сарқырамасы ауданында, Букреев шыңы маңында жоғалып кеткен әйел адамның мәйіті табылған.

Марқұмның денесі Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне дейін жеткізіліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытынды сәйкестендіру қажетті сараптамалар аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Іздестіру жұмыстарына Алматы қаласы мен Алматы облысының ТЖД, құтқару қызметі, Апат медицинасы орталығының 73 қызметкері және еріктілер қатысқан. Қызды іздеуге 10 техника, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты және 3 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар