Оқиға • Бүгін, 17:57

Мемлекеттік мекеме басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар (мектеп, аурухана және басқа да ұйымдар) директорлары мен жетекшілерінің кәсіпкерлікпен айналысуына қойылған тыйымды алып тастайтын Заң қабылдады. Бұл өзгерістер олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірмеу, қызметтік мүлікті пайдаланбау және мүдделер қақтығысына жол бермеу шартымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік мекеме басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?

Фото: istockphoto.com

Қабылданған өзгерістердің түп негізі коммуналдық мемлекеттік мекеме директоры азамат А.Белгібаевтың өтініші бойынша шығарылған Конституциялық Соттың аталған тыйымды Конституцияға қайшы деп тануы туралы шешімі болды. Конституциялық Сот кәсіпкерлік қызметке қойылатын шектеулер лауазымдық міндеттердің сипатына байланысты және сараланған болуы керек екенін атап өткен еді.

Жаңа Заңға сәйкес, ведомстволық ұйым басшылары бұрынғыдай сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық субъектісіне жатады және мемлекеттік қызметшілермен тең дәрежеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның назарында болады.

Оларға қатысты қаржылық бақылау шаралары, мүдделер қақтығысының алдын алу жөніндегі талаптар, сондай-ақ туыстарымен бірлесіп жұмыс істеуге тыйым салу нормалары сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданыла береді.

Тиісінше, аталған басшылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында белгіленген шектеулерді, оның ішінде қызметтік мүлікті пайдалану немесе мүдделер қақтығысы кезінде қызмет жүргізу талаптарын бұзған жағдайда, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін қызметтен босату түріндегі қатаң жауапкершілік көзделген.

Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17