Фото: gov.kz
Жұлдыз Сүлейменова келер жылдан бастап мұғалімдердің құқын қорғау мен қауіпсізідігін күшейту бағытындағы жұмыстар жандана түсетінін айтты.
Сондай-ақ ол сынып ішінде камера болмауы тиіс екенін айтты.
«Сыныптарға камера орнату мәселесіне келсек, білім беру ортасы білім мен тәрбиенің, сенім мен ашық пікір алмасудың кеңістігі болуға тиіс. Сапалы білім және тәрбие сенімділік атмосферасында ғана мүмкін. Мектепте мұғалім де, оқушы да өздерін қауіпсіз және еркін сезінуі өзекті. Қауіпсіздік үшін камералар мектептің кіреберісінде, дәліздерде, ортақ аумақтарда болуы қажет. Оқу сыныптарының ішінде бақылау камералары болмауға тиіс деп санаймын», деді министр.