Қаржы • Бүгін, 13:01

Биыл су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су саласының тартымдылығын арттыру мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігі жалақыны көтеруге бағытталған кешенді шаралар қабылдады. Нәтижесінде 2024 жылы «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті, ал биыл 1 шілдеден бастап тағы 35-50%-ға артты. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Үкіметтің бір жылдық қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Биыл су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін артты

Фото: Ашық дереккөз

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың айтуынша, қазіргі таңда «Қазсушар» РМК қызметкерлерінің орташа жалақысы екі есе өсіп, 300 мың теңгені құрап отыр.

Еңбек жағдайларын жақсарту шаралары аясында, биылдан бастап «Қазсушар» РМК-нің 425 маусымдық қызметкері тұрақты қызмет орындарына ауыстырылды.

«Қазсушар» РМК филиалдары үшін 757 арнайы техника мен автокөлік сатып алу жұмысы басталды. Бүгінге дейін жоспарланған 757 техниканың 576-сы алынды.

«Бүгінгі таңда жоспарланған 757 техниканың 576-сы сатып алынды. Сонымен қатар 2028 жылға дейінгі Жол картасы аясында Қ.Сәтпаев атындағы каналды жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстары басталды. Жұмыстарға 17 трансформаторды сатып алу, сондай-ақ 19 сорғы агрегатын жаңғырту және жөндеу кіреді», деді ол. 

Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17