Қоғам • Бүгін, 13:47

Мектеп мәзіріне жылқы еті енгізіледі

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сай әзірленген қоғамдық тамақтанудың бірыңғай стандарты жұмыс істейді. Стандарт семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтып, жемістер мен көкөністердің үлесін арттыруға және тұз бен қант мөлшері көп тағамдардың мәзірде болмауын қадағалайды, деп жазады Egemen.kz.

Мектеп мәзіріне жылқы еті енгізіледі

Фото: inbusiness.kz

Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануын қамту мақсатында келер оқу жылынан бастап мәзірге жылқы еті енгізіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жолдаған жауабында айтылған. 

«Стандарт екі порция көлемінде аптасына екі рет жылқы етін қосуды ұсынады. Ұйымдардағы тұтыну тәртібі, сондай-ақ тамақ өнімдерін сақтауға, дайындауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын талаптар сақталған жағдайда, ет тағамдарының барлық түрінде жылқы етін пайдалану тәртібі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның санитариялық қағидаларымен реттеледі. Осылайша, ұйымдарда тамақтануды жүзеге асыратын құрылымдар толыққанды және алуан түрлі диетаны, аймақтық азық-түлік артықшылықтарын, азық-түлік тауарларының қолжетімділігін, ұлттық дәстүрлерді және салауатты тамақтану саласындағы халықаралық ұсыныстарды ескере отырып, мәзірді дербес қалыптастыру құқығына ие», делінген Серік Жұманғариннің жауабында.

 

Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17