Фото: istockphoto.com
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, жаһандық бастаманың бір бөлігі ретінде қазақ тілі Gemini 3 буыны аясында қосылған 23 жаңа тілдің қатарына енді. Бұл ел тұрғындарына әлемнің ірі тілдерімен тең дәрежеде, өз ана тілінде Gemini мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.
«Gemini-дің қазақ тіліндегі интерфейсі қазірдің өзінде веб-нұсқада қолжетімді. Ол үшін пайдаланушылар Google аккаунтының баптауларында қазақ тілін таңдауы қажет. Алдағы уақытта Android және iOS жүйелеріне арналған нұсқаларды қолдау, сондай-ақ Gemini Live сервисін іске қосу жоспарланып отыр», делінген хабарламада.
Бұл жаңалық Google компаниясының Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған жұмысының бір бөлігі. Компания кадрларды даярлауға, цифрлық дағдыларды дамытуға және әзірлеушілерді қолдауға инвестиция салады. Салдарлары мемлекеттік басқарудың тиімділігінің артуы және елдің экономикалық өсіміне ықпал етуі мүмкін.
Министрлік бұл қадамды цифрлық мемлекетті дамыту және бәсекеге қабілетті AI-экожүйе қалыптастыру жолындағы маңызды қадам деп атап өтті. Әрі қарай жасанды интеллектіні дамыту, цифрлы өнімдерді локализациялау және жаңа мамандарды даярлау бағытында халықаралық серіктестермен ынтымақтастық жұмыстары жалғасады.