Фото: instagram/janibek_alimkhanuly
Айта кетейік, желтоқсан айының басында орта салмақтағы қос тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынамасынан тыйым салынған «мельдоний» препараты табылғаны белгілі болған еді.
Бұл жағдай боксшының мансабындағы маңызды қадамдардың бірі – кубалық Эрисланди Ларамен WBA титулы үшін өтуі тиіс үшінші белбеу үшін жекпе-жегінің тоқтатылуына әкеп соқты.
Дегенмен, Әлімханұлы мен оның командасы бұл айыптаулармен келіспейді. Олар сараптама қорытындысын жоққа шығарып, боксшының тамақтану рационы мен дәрумендер кешеніне ешқандай өзгерістер енгізілмегенін мәлімдеген еді. Қазіргі таңда спортшының тарапы өз кінәсіздігін дәлелдеу мақсатында VADA ұйымынан «В» сынамасын ашуды ресми түрде талап етті.
Сонымен қатар Рахымжан Ерденбеков бұл норма кәсіби боксқа деген сенімнің негізі әрі спорт әлемінің барлық өкілдері үшін міндетті дүние екенін айтты.
Ал белігілі бапкер Жұмабек Өмірзақов Жәнібек Әлімханұлының енді ірі жекпе-жектер өткізбеуі ықтимал екенін атап өтті.