Фото: pixabay.com
Келісім тараптары сыйлықтың жаңа платформаға ауысуы «Оскар» рәсімін әлемдік аудитория үшін қолжетімдірек етеді деп үміттенеді.
Киноөнер және ғылым академиясы YouTube-пен келісімшарт жасап, оған «Оскар» рәсімін әлем бойынша эксклюзивті түрде тарату құқығын берді. Бұл туралы Академияның бас директоры Билл Крамер мен Академия президенті Линетт Хауэлл Тейлордың бірлескен мәлімдемесінде айтылған.
«Біз YouTube-пен көпжақты жаһандық әріптестік орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Ол алдағы уақытта «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімінің және Академияның жыл бойы өтетін бағдарламаларының жаңа орны болады», делінген мәлімдемеде.