Ауа райы • Бүгін, 15:45

18–20 желтоқсан аралығында елімізде қар жауып, боран соғады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 18-20 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

18–20 желтоқсан аралығында елімізде қар жауып, боран соғады

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жауын жауып, көктайғақ болады.Таулы аймақтарда боран соғады, 18 желтоқсанда кей өңірлерде қатты жауын-шашын болжанып отыр.

Республика бойынша жел күшейіп, секундына 15–20 метрге дейін жетеді, кей уақытта 23–28 метрге дейін күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.

«Еліміздің батыс аймақтарында түнде температура 3-18 градустан 0-5 градусқа дейін көтеріліп, күндізгі негізгі фон 5 градустан 3 градусқа дейін нөлден жоғары болады.

Солтүстік-батыста түнде температура 7-23 градустан 0-15 градусқа дейін көтеріледі, күндізгі ауытқулар 3-15 градустан 0-5 градусқа дейін жетеді.

Солтүстік және орталық аймақтарда түнде температура 15-23 градустан 5-15 градусқа дейін көтеріледі, күндізгі ауытқулар 10-18 градустан 3-8 градусқа дейін жоғарылайды.

Шығыс аймақтарда түнде температура 12-28 градустан 7-20 градусқа дейін көтеріліп, күндізгі ауытқулар 7-18 градустан 5-15 градусқа дейін жетеді.

Елдің оңтүстігінде түнде температура 3-20 градустан 3-12 градусқа дейін көтеріледі, күндізгі температура 0-8 градусқа дейін жетеді.

Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз еліміздің негізгі фон температурасы 0-5 градус, таулы аймақтарда 8-13 градус аяз болады», деп хабарлады «Қазгидромет».

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы арзандады

Қаржы • Бүгін, 18:00