Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқушының қар омбылап оқуға бара жатқан сәті түсірілген видео тараған еді. Онда 4 сынып оқушысы қар қалың болса да (шамамен 1 метрге жуық), қиналып жүрсе де, мектепке қарай табандылықпен бара жатады. Президент Садыр Жапаров бұл видеоны көріп, баланың қиын жағдайда да оқуға ұмтылғанын жоғары бағалады.
Ол Нұрзаманды президенттің жаңа жылдық мерекелік шыршасына шақырып, бүгін оған жеке өзі сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар президент оқушыға өзінің ұялы телефонын берді.
Мемлекет басшысы бұл баланың өзіне балалық шағын еске салғанын айтты: ол да бала кезінде алыстағы Кен-Суу ауылында қарды кешіп, мектепке барған екен.
Кездесу соңында президент Садыр Жапаров Нұрзаманға үлкен табыс тіледі.