Фото: Ашық дереккөз
«Қазіргі уақытта Әділет министрлігінің мамандары бірнеше сот сараптамасын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Астана әкімдігі мен бейінді министрлік бірлесіп арнайы зерттеу жүргізуде. Біз бұл тексерулердің қорытындысын жақын күндері күтіп отырмыз», деді ол.
8 қарашада Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы, 24B мекенжайындағы тоғыз қабатты ғимараттың қасбетінен кірпіш жабыны құлады. Салдарынан бес адам жарақат алып, №1 жалпы ауруханаға жеткізілген. 18 қарашада жарақат алған фельдшер Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Сол күні, 18 қарашада, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды «Ерлігі үшін» медалімен наградтады.
Бұл іс министрліктің тікелей бақылауында.