Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Екінші ағза ауыстыру отасы 20 жастағы жігітке жасалды. Бұл отада науқастың 54 жастағы анасы донор болған.
Ал үшінші ота 43 жастағы әйелге жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, ем алушыға бүйрегін берген.
Трансплантацияны Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD, Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның трансплантологтары Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасымен бірлесе жасады.
Аурухананың баспасөз қызметі аталған оталар сәтті өтіп, қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр екенін мәлімдеді. Олар тиісті ем қабылдап жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін ауруханада 8 рет – бүйрек, 1 – бауыр алмастыру отасы сәтті жасалған.
Бұған дейін мәйіт доноры 6 адамның өмірін сақтап қалғанын хабарлағанбыз.