Инфрақұрылым • Бүгін, 10:20

1,7 млрд адам: Жолаушылар тасымалы рекордтық деңгейге жетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде көлік қызметтері нарығы 20,3%-ға ұлғайып, экономиканың басты қозғаушы күштерінің біріне айналды. 11 айдың қорытындысы бойынша жолаушылар ағыны 11,9%-ға өсіп, 1,76 млрд адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1,7 млрд адам: Жолаушылар тасымалы рекордтық деңгейге жетті

Фото: istockphoto.com

Президенттің инфрақұрылымды дамыту және транзиттік әлеуетті арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында көлік секторы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың мәлімдеуінше, бұл өсімге тау-кен, мұнай-газ және аграрлық секторлардың қарқынды дамуы тікелей әсер еткен.

Өңірлер арасында Астана қаласы үздік нәтиже көрсетіп, тасымал мен қойма қызметтері бойынша 154,1%-ға өсті. Сондай-ақ Жетісу (136,6%) және Қостанай облыстары (133,8%) да жоғары даму қарқынын иеленді.

«Тасымал көлемі экономиканың жағдайын көрсетеді және негізгі көрсеткіштердің басым бөлігі бойынша өсім байқалады. Жүк тасымалы көлемінің артуы экономиканың базалық салаларының дамуы есебінен қамтамасыз етілді», деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар