Аймақтар • Бүгін, 09:30

Батыс Қазақстан облысында үш адам аязда үсіп, көз жұмды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығынан үш адамды үсік шалып, көз жұмды. Түрлі ауданның тұрғындары із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город»-қа сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында үш адам аязда үсіп, көз жұмды

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығынан жоғалып кеткен үш адамның мәйіті табылды. Олар –  Жәнібек ауданының 57 жастағы тұрғыны, Бөкейорда ауданының 25 жастағы тұрғыны және Казталов ауданының 35 жастағы тұрғыны. Барлығы үсік шалып, көз жұмған.

Ақжайық ауданының тағы бір 54 жастағы тұрғыны аман-есен табылды, бірақ аяқ-қолдары үсіп қалған. Ол Оралға жеткізілді.

Сонымен қатар Жәнібек ауданының 59 жастағы тұрғыны да жоғалып кеткен. Ол 13 желтоқсанда сағат 21:00 шамасында Бұқар қыстағынан шығып кеткен.

Оны құтқарушылар, әскери қызметкерлер, полиция қызметкерлері және жергілікті әкімдік қызметкерлері іздестіріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар

Тау-кен ісінің дамуына не кедергі?

Экономика • Бүгін, 10:48