Спорт • Кеше

Асу Алмабаев UFC-де ТОП-5 қатарына кіруі мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-дің аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, дивизионның үздік бестігіне енуі ықтимал. Бұл туралы MMACrossfire.com сайты жазды, деп жазады Egemen.kz.

Асу Алмабаев UFC-де ТОП-5 қатарына кіруі мүмкін

Асу Алмабаев 28 ақпанда Мехико қаласында (Мексика) UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен күш сынасады. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 1 наурызға қараған түні өтеді.

Қазіргі таңда 31 жастағы Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде жетінші орында тұр. Ол соңғы үш жекпе-жегінің екеуінде жеңіске жеткен. Соның ішінде қараша айында Катарда өткен UFC турнирінде Алекс Пересті сабмишен әдісімен жеңгені ерекше аталды.

Сайттың жазуынша, Алмабаев ақпан айындағы жекпе-жекте ірі жеңіске жетсе, UFC рейтингіндегі алғашқы бестікке жақындай түсуіне толық мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар