Фото: tomshardware.com
Сатоши Накамото – криптовалюта тарихындағы ең жұмбақ тұлға. Ол өз өмірін қоғамдық назардан алыстатып, құқықтық тәуекелдерден сақтану және Биткоиннің децентрализациясын қамтамасыз ету үшін ізін жасырған деген болжам бар.
Tomshardware мәліметінше, Накамото алғаш рет 2008 жылдың 1 қарашасында тоғыз беттік «Bitcoin: A Peer-to-Peer Electronic Cash System» мақаласын жариялап, «қосарланған шығын» мәселесін шешу жолын ұсынды. Бұл жүйе блокчейн технологиясын пайдалана отырып, цифрлық активтердің екі рет жұмсалуына жол бермейтін болды. Осылайша, ол өз ұсынысын қоғамға танытып, бірнеше ай ішінде жетілдіріп, кейін 2010 жылы толықтай ғайып болды.
Ең таңқаларлығы, Сатошидың алғашқы жылдары тауып алған 1,1 миллион BTC монеталары қозғалыссыз қалып, бүгінгі бағасы шамамен 99 миллиард долларға жеткен. Кейбір сарапшылар оның өмірден озғанын немесе монеталарына қол жеткізе алмай қалғанын айтады. Ал басқалары Сатоши саналы түрде құпиялығын сақтап отыр деп санайды.
Биткоинде мерзімі өтетін механизм, желіде қолданылмағанына ешқандай айыппұл немесе қайта қайтару мүмкіндігі жоқ. Ал қазіргі криптографиялық алгоритмдер мен кванттық технологиялар да SHA-256 алгоритмін бұза алмайды. Сондықтан бұл монеталар тек Накамотоға ғана қолжетімді болып қала береді және келесі 20-40 жыл ішінде ешкімнің қолына түспеуі мүмкін.
Дегенмен, егер бір күні негізін қалаушының монеталары қозғалысқа түссе, бұл бүкіл криптовалюта нарығында дүрбелең туғызуы мүмкін. Сонымен қатар бұл әрекет монеталардың ашық кілтін көрсетіп, болашақта квантты компьютерлерге қатысты қауіпсіздікке әсер етуі ықтимал.
Бүгінге дейін Сатоши Накамотоның кім екені, криптовалютаны әзірлеген адамның қазір өмір сүруі немесе оның қаржыларына қол жеткізуі – әлемнің ең үлкен криптожұмбақтарының бірі болып отыр.