Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 14:00-ден бастап елордадан барлық бағытта барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолға шықпауға, елді мекендер аумағында қалып, қала шетіндегі бекеттерге бармауға шақырып отыр. Бұл көлік кептелістерінің алдын алып, коммуналдық және шұғыл қызметтердің жұмысына кедергі келтірмеу үшін қажет.
– Қабылданған шаралар тиісті қызметтердің жұмысын жеңілдетіп, қаланың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті полиция өкілдері.
Құзырлы органдар тұрғындарды ауа райы тұрақталғанға дейін қауіпсіздік талаптарын сақтауға және ресми ақпарат көздерінен хабарламаларды қадағалап отыруға шақырады.