Фото: istockphoto.com
Жүйе әр адамның сөйлеу ырғағын сақтай отырып аударады. Бұл сұхбатты бақылауды немесе кімнің не айтып жатқанын түсінуді жеңілдетеді.
«Басқа тілде әңгімелесуге тырысып жатсаңыз да, шетелдегі баяндаманы немесе дәрісті тыңдасаңыз да, тіпті бөтен тілдегі телешоуды немесе фильмді көрсеңіз де, құлаққапты тағып, Translate қолданбасын ашып, «Live Translate» түймесін бассаңыз болды, аударманы өзіңізге ыңғайлы тілде тыңдай аласыз», деп мәлімдеді Роуз Яо.
Жаңа жүйе АҚШ, Мексика және Үндістандағы Android қолданбасында қолжетімді. Ол кез келген құлаққаппен жұмыс істейді және 70-тен астам тілді қолдайды. Бұл функция 2026 жылы iOS платформасына және басқа елдерге де енгізіледі.
Translate қызметіне енгізілетін Gemini-дің кеңейтілген мүмкіндіктері мәтінді дәл аударма жасауға көмектеседі. Олар жаргон, идиома немесе тұрақты сөз тіркестерінің аудармасын жақсартады. Бұл жүйе АҚШ пен Үндістанда қолжетімді және ағылшын тілінен испан, араб, қытай, жапон және неміс сияқты 20-ға жуық тілге аударманы қамтамасыз етеді. Android, iOS және веб-нұсқада қолдануға болады.
Компания сонымен қатар тіл үйренуге арналған құралдарын Германия, Үндістан, Швеция және Тайваньды қоса алғанда, 20-ға жуық жаңа елге кеңейтті.
Сондай-ақ ауызекі сөйлеу тәжірибесіне негізделген кеңестер алуға мүмкіндік беретін кері байланыс жүйесі іске қосылды. Ал Google тіл үйренумен қанша күн айналысқаныңызды қадағалайтын функцияны енгізді. Бұл үдерісті бақылауды және сабақтардың тұрақтылығын сақтауды жеңілдетеді.