Әлем • Бүгін, 10:55

«Мерт болғандар бар»: Австралия жағажайында атыс болды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австралияның Сидней қаласындағы Бонди жағажайында белгісіз біреулер оқ атты. Мәліметтер бойынша онға дейін адам қаза тауып, бірнешеуі жараланған. Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полициясы екі күдіктіні ұстаған, арнайы операция жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

«Мерт болғандар бар»: Австралия жағажайында атыс болды

Фото: Видеокадр

БАҚ деректеріне сәйкес, шабуылдаушылардың біріне оқ тиіп қайтыс болған, екіншісі жараланған. Израиль Президенті Ицхак Герцог бұл оқиғаны еврей қауымына қарсы шабуыл деп атаған.

«Біздің бауырларымыз Бонди жағажайында Хануканың алғашқы шамын жағу үшін жиналған уақытта террористердің қатыгез шабуылына ұшырады»,  деп келтірген оның сөзін Иерусалимдегі кеңсесі.

Айта кетейік, Ханука – еврей халқының жарық мейрамы, ол григориан күнтізбесі бойынша қарашаның соңы мен желтоқсанның басында 8 күн бойы атап өтіледі. 2025 жылы Ханука 14 желтоқсан кешінде басталып, 22 желтоқсан кешінде аяқталады.

Полиция тұрғындарды бұл аумақтан аулақ болуға, ал жағажай маңында жүргендерді қауіпсіз жерге жасырынуға шақырды.

Кемінде бірнеше адам жарақат алған. Зардап шеккендер туралы нақты мәліметтер анықталып жатыр.

Таралған куәгерлердің видеосында оқ атқан адамдардың бірін артқы жағынан келген кездейсоқ өтіп бара жатқан адам қарусыздандырып, мылтығын тартып алғаны көрінеді.

Австралиялық News.com басылымы Сидней жағажайындағы атыс салдарынан он адам қаза тапқанын, олардың арасында балалар мен бір полиция қызметкері бар екенін хабарлады. Полициядағы дереккөздер шабуыл бірнеше ай бойы жоспарланған болуы мүмкін деп болжайды.

Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы құбылып тұр

Қаржы • Бүгін, 16:44