Айбек Смадияров СІМ баспасөз хатшысы қызметіне 2018 жылы тағайындалды, бір жылдан кейін Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болды. Ал 2023 жылдың маусымынан бері СІМ коммуникациялар департаментінің директоры қызметін атқарды.
2025 жылғы ақпаннан бастап ол Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы және сыртқы саяси ведомствоның ресми өкілі қызметін атқарған.
Бұған дейін ол СІМ жүйесінде он жылдан астам жұмыс істеді. Ол Қазақстанның Венгрия мен Вьетнамдағы елшіліктерінде қызмет атқарған. II санаттағы кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.
Айбек Смадияров 1983 жылдың 7 шілдесінде (42 жаста) Алматы қаласында дүниеге келген. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-ді «құжаттанушы/халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған, Қазақстан мен Түркия СІМ-дерінің біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген.
«Дипломатиялық қызметке 25 жыл», «Дипломатиялық қызметке 30 жыл» медальдарымен, сондай-ақ «Жылдың үздік баспасөз хатшысы» және «Мемлекеттік органдар арасындағы үздік баспасөз қызметі» (2022, 2023) төсбелгілерімен марапатталған.