Қоғам • Бүгін, 15:57

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мерекеге байланысты Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады, хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері екі күнге жабылады

Ресей Федералдық кеден қызметінің өз азаматтарына берген мәліметінше, шектеулер автомобиль өткізу бекеттеріне де қатысты болады.

«Шекара бекеттерінің жабылуына себеп – Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеу. 16 және 17 желтоқсанда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы келесі автомобиль өткізу бекеттері жұмыс істемейді», делінген жазбада. 

Нақты айтқанда: 

  • Бақты (Абай облысы);
  • Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы);
  • Достық және Нұр жолы (Жетісу облысы);
  • Қолжат (Алматы облысы) жұмыс істемейді.

Достық және Алтынкөл теміржол өткізу бекеттері қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.