Аймақтар • Бүгін, 13:54

Маңғыстауда ТЖД-ның техникалық базасы 80 пайызға жаңартылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасы 80 пайызға жаңартылды, деп жазады Egemen.kz.

Маңғыстауда ТЖД-ның техникалық базасы 80 пайызға жаңартылды

Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары Мейірбек Караев айтты.

Спикердің айтуынша, төтенше жағдайлар саласының негізгі мақсаты – халықтың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны және материалдық құндылықтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан алдын алу және оларды жою.

– Жыл басынан бері облысымызда 311 төтенше жағдай орын алды. 92 адам құтқарылып, 58 адам эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 4668-ден астам жедел шығулар жасалды. Жыл бойы, азаматтық қорғаныс саласында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша үлкен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Атқарылған іс-шаралар адамдардың қаза болуы мен жарақат алуының алдын алуға бағытталды. Департаментімізге жыл ішінде Төтенше жағдайлар министрінің және облыс әкімінің қолдауымен 28 бірлік техника сатып алынды. Материалдық-техникалық базамыз
80 пайызға жаңартылды, – деді Мейірбек Караев.

Маңғыстау облысы