Ауа райы • Бүгін, 10:58

14 желтоқсанда еліміздегі қай жолдарда көлік қозғалысы шектелді

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

14 желтоқсанда еліміздегі қай жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ұлттық компанияның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі жолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелді:

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы бақылау-өткізу пункті)» автожолы, 104-181-шақырым (Қандыағаш қаласы – Шұбарқұдық кенті);

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 776-965-шақырым («ЭКОойл» ЖҚС – Қарабұтақ кенті);

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 181-254-шақырым (Шұбарқұдық – Қарауылкелді).

Атырау облысы

• «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолы, 254-337-шақырым (Қарауылкелді – Атырау облысының шекарасы);

• «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 337-517-шақырым (Доссор кенті – Сағыз ауылы).

Барлық көлік түрі үшін жабық жолдар

Атырау облысы

• «Атырау – Орал» автожолы, 14-189-шақырым (Алмалы ауылы – Индер ауданы).

• «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолы, 3-210-шақырым (Доссор кенті – Маңғыстау облысының шекарасы).

Маңғыстау облысы

• осы автожолдың 210-332-шақырымы (Атырау облысының шекарасы – Бейнеу ауылы).

Алматы облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 2214-2295-шақырым (Жамбыл облысының шекарасы – Қаншеңгел ауылы).

Жамбыл облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 2005-2152-шақырым (Қарағанды облысының шекарасы – Бурылбайтал ауылы, Қарағанды бағытына);

• осы жолдың 2214-2252-шақырымы (Бурылбайтал ауылы – Алматы облысының шекарасы).

Абай облысы

• «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолы, 1013-1062-шақырым (Абай облысының шекарасы – Рубеж бекеті);

• «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолы, 756-910-шақырым (Семей – Қалбатау).

Батыс Қазақстан облысы

• «Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолы, 0-158-шақырым;

• «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолы, 1-103-шақырым;

• «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолы, 4-104-шақырым;

• «Ақтөбе – Атырау – РФ шекарасы» автожолы, 189-375-шақырым (Чапаево – Атырау облысының шекарасы).

Қызылорда облысы

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 1240-1806-шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы – Қызылорда қаласы).

Ақтөбе облысы

• осы автожолдың 1153-1240-шақырымы (Ырғыз кенті – Қызылорда облысының шекарасы);

• «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолы, 526-610-шақырым;

• «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолы, 254-337-шақырым.

Қарағанды облысы

• «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы, 248-359-шақырым (Атамекен ауылы – Ақсу-Аюлы кенті).