Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025

Елімізде коуч-тренерлердің тізілімі жасалады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында сертификатталған коуч-жаттықтырушылардың тізілімі жасалады Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің сенаторлардың сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде коуч-тренерлердің тізілімі жасалады

Үкімет басшысы дамыған мемлекеттерде коучинг қызметі кәсіби стандарттар жүйесі арқылы реттелетінін, қауымдастықтар атқаратын өзін-өзі реттейтін кәсіби жүйеге сүйенетінін баса айтты.

«ICF халықаралық коучинг федерациясымен бірге Коучинг қызметі (коуч) кәсіби стандарты әзірленді. Қазіргі таңда ол Ғылым және жоғары білім министрлігінде бекітілу сатысында. Кәсіптік стандарт 9 қызметті қамтиды: бизнес-коуч, мансаптық коуч, лайф-коуч, командалық коуч, көшбасшылық коуч, денсаулық және сауықтыру коучі, кәсіпкерлерге арналған коуч, білім беру коучі, спорттық дайындық коучі. Кәсіптік стандарттың негізінде Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасында (career.enbek.kz) сертификатталған коуч-жаттықтырушылар тізілімі жасақталады», делінген жауапта.

Олжас Бектеновтің айтуынша, коучтарды оқытуды, сертификаттауды және тізілімге енгізуді ICF халықаралық коучинг федерациясы жүргізетін болады.

«Тұтынушылар құқықтарының қорғалуын күшейту және коучтар тарапынан адал мінез-құлықты қамтамасыз ету мақсатында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңға түзетулер әзірленді.Онда коучтардың өзінің кәсіби біліктілігін тану туралы сертификатқа ие болуын, оны тұтынушыға таныстыруды міндеттейтін, сондай-ақ тұтынушыға өзі көрсететін қызметке қатысты жаңылыстыратын ақпаратты, сондай-ақ жалған жарнаманы таратуға тыйым салатын нормалар енгізілді. Алаяқтық құрамы болған жағдайда мұндай фактілер Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес жіктеледі», деді Премьер-министр.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025