Қоғам • 12 Желтоқсан, 2025

«Семей тазалық» мекемесі сөгіс алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару мәселесі өзекті болып отыр. Қала тұрғындары қоқыстың жинақталып қалуына, арнайы контейнерлердің толып кетуіне, кей аудандарда бірнеше күн қатарынан мүлде тазаланбайтынына шағымданып отыр. Осыған байланысты «Семей тазалық» мекемесінің жұмысы қоғам тарапынан сынға ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Семей тазалық» мекемесі сөгіс алды

 

Бұл мәселеге қатысты шаһар басшысы Әділет Қожанбаев тұрғындардың талап-тілегінің орынды екенін айтты.

«Қала тазалығы бойынша бұл бірінші жиналыс емес. Алайда мәселелер әлі де бар. Мердігер ұйымдардың жұмыс сапасы сын көтермейді. Тұрғындардан келіп түскен шағымдар азаймай отыр. Белгіленген талаптар толық орындалмай, қоқыс уақытылы шығарылмай, қала тазалығы тиісті деңгейде сақталмай отыр», деді ол.

Қала әкімінің айтуынша, қалада санитарлық жағдайды реттеу үшін мердігер компаниялардың жауапкершілігін көтеру, техникалық мүмкіндіктерін арттыру және бақылау шараларын күшейту қажет.

Айта кетейік, облыс әкімі Берік Уәли қала мен аудан әкімдеріне тазалық мәселесін ерекше бақылауда ұстап, нақты тапсырмалар берілген. Аймақ басшысы тазалық жүйесін жақсарту жергілікті атқарушы органдардың бүгінгі басты міндеттерінің бірі екенін айтқан. Ендігі кезекте қоғам тарапынан бақылау күшейіп, жауапты мекемелердің жұмысына талап қатаңданбақ.

Абай облысы

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025