Президент • Бүгін, 14:11

Президент: Еліміз дінаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ашхабад форумында Президент VIIІ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясында көтерілген  «Бейбітшілік қозғалысы» бастамасының маңызына тоқталып, бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, бітімге келу жолын іздеуге үндеу екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент: Еліміз дінаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз дінаралық, этносаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға айрықша назар аударады.

Бұл орайда Президент Қазақстанда 20 жылдан астам уақыттан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі ұйымдастырылып келе жатқанын еске салды.

«Таяуда Астанада өткен VIIІ Съезде Қазақстан «Бейбітшілік қозғалысы» деп аталатын бастама көтерді. Бұл шын мәнінде қантөгісті тоқтатуға, келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілікті сезіне отырып, бітімге келу жолын іздеуге үндеу еді. Қазақстан ШЫҰ жұмысына белсене атсалысады. Бұл – Еуразиядағы қауіпсіздік пен сенім шараларын қамтитын, көпжоспарлы әрі конструктивті күн тәртібі бар беделді және табысты ұйым. Жаһандағы прогресс пен тұрақтылықтың негізгі кепілі – орнықты әлеуметтік-экономикалық даму. Геосаяси шиеленістің өршуі, халықаралық санкциялардың көбеюі, сауда тізбегінің бұзылуы, технологиялық бәсеке секілді көптеген фактордың салдарынан әлем экономикасы күрделі сын-қатерлерге тап болды. Жаһандық экономиканың қарқыны бәсеңдеді. Қуанышымызға орай, мұның әсері Орталық Азияға тие қойған жоқ. Барлық елде айтарлықтай өсім байқалады. Мысалы, Қазақстанның экономикалық өсімі биыл 6 пайыздан асты. Ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард доллар межесін еңсереді. Бұл жан басына шаққанда 15 мың доллардан артық», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар