Фото: «ЦЕНКИ» АҚ
RTVI дерегінше, қараша айының соңында зымыран ұшыру кезінде қираған платформаның орнына қосалқы қызмет көрсету платформасы орнатылады. Бұл жаңа платформаны салумен салыстырғанда зақымданған ұшыру алаңын жөндеуге кететін уақытты айтарлықтай қысқартады.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қордағы платформа табылған. Дереккөздің айтуынша, бұл басқа ғарыш айлақтарында – Плесецк, Байқоңыр, Восточный немесе Куруда пайдаланылып тұрған платформалардың бірі емес, нақты қорда сақталған қосалқы нұсқа.
Биыл 27 қарашада болған апат Ресейдің пилотты ғарыш бағдарламасын ұзақ уақытқа тоқтатуы мүмкін. Өйткені зақымданған старт кешені – Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) «Союз» кемелерін ұшыруға арналған жалғыз кешен.