Қоғам • 10 Желтоқсан, 2025

Елдегі кепілсіз несие өсімі екі есе азайды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда кепілсіз тұтынушылық несие беру көлемінің өсуі айтарлықтай баяулады, деп жазады Egemen.kz.

Елдегі кепілсіз несие өсімі екі есе азайды

Фото: Ашық дереккөз

2023 жылы бұл көрсеткіш 27,1% болса, 2025 жылдың он айында 13,2%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова «Қарызсыз қоғам» жобасын талқылау барысында мәлімдеді.

Агенттік бұл нәтижеге реттеушінің бірқатар қатаң шараның арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. Олардың қатарында:

  • Коллекторларға проблемалық несиелерді сатуға мораторий (2026 жылғы 1 мамырға дейін);
  • Банктерде 30 күннен, микроқаржы ұйымдарында 1 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға жаңа кредит беруге тыйым салу;
  • Кепілсіз кредиттердің ең ұзақ мерзімін 5 жылмен шектеу.

«Қабылданған шаралар банктер тарапынан кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің өсуін 2023 жылғы 27,1% және 2024 жылғы 29,3% деңгейінен 2025 жылдың 10 айында 13,2%-ға дейін бәсеңдетуге мүмкіндік берді», деді Мәдина Әбілқасымова.

Жоба аясында қарызын өтей алмай жүрген азаматтарға қолдау шаралары іске асырылуда. Бүгінде 703 мың қарыз алушының жалпы сомасы 754 млрд теңге берешегі реттелді.