Елорда • Бүгін, 11:12

Елорда полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада қолайсыз ауа райына байланысты полиция департаменті қызметін күшейтті. Тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету жұмыстарын тоқтатпай жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда полициясы күшейтілген қызмет режиміне көшті

Фото: Ішкі істер министрлігі

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қалада патрульдік жасақтар саны арттырылып, жол-патрульдік полиция тәулік бойы бақылауды күшейтті.

«Полицейлер көктайғақ жолдарда қозғалысты реттеп, қатты жел салдарынан қиындыққа тап болған көліктерге көмек көрсетіп жатыр. Сонымен қатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың айналасында құқық бұзушылықтардың алдын алу рейдтері де жалғасады», делінген хабарламада.

Төтенше жағдайда қалған азаматтарға қолдау көрсетіліп, қарлы боран кезінде жолда қалған жүргізушілер, бағытынан адасқан жаяу жүргіншілер және жедел көмек қажет адамдарға жәрдем беріледі.

Полиция департаменті қала әкімдігі мен коммуналдық қызметтермен бірлесіп, жолдардың тазалануы мен қоғамдық тәртіптің сақталуын үйлестірді.