Қоғам • Бүгін, 17:41

Акмальдың концерті өтпейтін болды: Халық билеттің ақшасын қайтара алмай жүр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі тиіс болған әнші Акмальдың концертінің өтпей қалуына байланысты 100-ден астам өтініш түскен, деп хабарлайды Egemen.kz

Акмальдың концерті өтпейтін болды: Халық билеттің ақшасын қайтара алмай жүр

Фото: instagram.com/akmalsvami/

Тұтынушылар билеттерді eventticket.kz электронды сервисі арқылы сатып алған, бұл электронды түрде ақылы қызмет көрсету шартының жасалғанын растайды. Алайда концерт белгіленген күні өткізілмей, ұйымдастырушы тұтынушыларға билет қаражатын қайтармаған.

Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады. Осыған байланысты ұйымдастырушы – жеке кәсіпкерге барлық зардап шеккен тұтынушыларға билет құнын толық көлемде қайтару туралы ресми хабарлама жолданды. Ұйымдастырушы тұтынушыларға 6 миллион теңгеден астам қаражат қайтаруы тиіс.

«Егер қаражатты қайтару туралы талап орындалмаған жағдайда, департамент Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 5-бабы 8-тармағына сәйкес, сатып алынған билеттердің ақшасын қайтару мәселесі бойынша сотқа жүгінеді», деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Қанат Жеңісбекұлы.

Департамент жағдайды бақылауда ұстайды және тұтынушыларды өз құқықтары бұзылған жағдайда жедел түрде хабарласуға шақырады.