Фото: Rail-news.kz
Президенттің көлік-логистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде биылғы жылдың соңына дейін 46 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталады.
Министрдің айтуынша, республикада 124 теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары басталған, жыл соңына дейін оның 46-сында құрылыс жұмыстары аяқталады.
«Биыл 175 жаңа заманауи жолаушылар вагоны сатып алынды. 2030 жылға дейін ҚТЖ-ның вагондар паркі толық жаңартылады», деді Нұрлан Сауранбаев.Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясы жаңа жыл мерекесі қарсаңында жолаушыларға 53 мыңнан астам қосымша орын ұсынатынын хабарлаған едік.