Фото: istockphoto.com
Алматы облысы ПД мәліметінше, Audi A6 көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Сол жерде Nissan Cefiro автокөлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы өңірлік полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.
Бұған дейін елордада қалың қар жауып, жолдардың тайғақ болуы салдарынан 93 жол-көлік оқиғасы тіркелгенін хабарлаған едік. Қалалық полиция департаменті жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жылдамдықты азайту және көліктер арасындағы қашықтықты сақтауды ұсынады.