Фото: Ашық дереккөз
Су тапшылығын болдырмау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Су министрлігі жақын арада суды пайдалануға нақты лимиттер енгізуді жоспарлап отыр. Фермерлерге егістіктердің құрылымын қайта қарап, су көп қажет етпейтін дақылдарға көшу ұсынылады.
Сонымен қатар әр облыста ылғал сақтауға арналған инновациялық препараттарды сынау үшін тәжірибелік учаскелер бөлу жоспарланған.
«2026 жылдың вегетациялық кезеңінде келетін болжамды су ағыны небәрі 1-1,5 млрд текше метрге бағаланып отыр. Бұл 1 млрд текше метрге дейін тапшылық қаупін тудырады. Бірқатар облыста 2025 жылы ылғал көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалмады. Облыс әкімдіктері вегетациялық кезең басталғанға дейін аграршылар арасында су шығыны аз дақылдарға көшу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс», деді Қанат Бозымбаев.