Фото: Астана әкімдігі
Алматылық кезең осыған дейін Астана маңында өткізілген ор қоянға жүргізілген сынақтардың жалғасы іспетті болды. Биыл иттер құм қоянына арналған күрделі тапсырмаларды орындап, қабілеттерін арттырды. Ор қоян жүгіргенде бір бағытта жылдам қозғалады, ал құм қояны әрдайым бағытын өзгертіп тұрады, сондықтан тазы өте жылдам қозғалуы қажет және аңшылық қасиеті дамыған болуы шарт.
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, сарапшылар комиссиясы «Қазақ тазысы» тұқымының тәжірибелі мамандарынан құралды. Бағалау кезінде иттің жылдамдығы, маневрлік қабілеті, аңшылық сезімталдығы, төзімділігі, шеберлігі ескерілді.
Жүлдегерлер:
1 орын – Әрекет, иесі: «NOMAD» ұлттық аңшылық клубы (Астана);
2 орын – Адырна, иесі: «NOMAD» ұлттық аңшылық клубы (Астана);
3 орын – Қабылан, иесі: Ернар Муптекеев.