Фото: depositphotos.com
Министрліктің мәліметінше, тізімге Қазақстанда өндірілмейтін немесе ішкі нарық сұранысын толық қамти алмайтын, бірақ қайта өңдеу саласы үшін маңызды саналатын тауарлар енгізілген.
«Қабылданған бұйрық қайта өңдеу өндірісіне арналған шикізат пен компоненттерге қол жеткізеді. ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру кәсіпорындарға қажетті тауарды әкелу кезінде айналым қаражатынан алмауға мүмкіндік береді. Осылайша олардың қаржысы тұрақты болмақ», делінген хабарламада.
Айта кету керек, аталған тізім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден импортталатын тауарларға қолданылмайды.
ҚҚС төлеуді кейінге қалдыру тәртібі мен мерзімі салық және басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіруге жауапты уәкілетті орган белгілейді.