Саясат • Бүгін, 08:33

Креативтік өндірістерді дамыту қоры құрылады

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары балаларға арналған сапалы қазақша контент нәтижелі дамып келеді. Мемлекет басшысы да аталған салаға тиісті көңіл бөлінуін әрқашан назарда ұстап отыр. Енді анимациялық фильм жасау өндірісі бұдан да қарқынды өріс алмақ. Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, келесі жылы Креативтік өндірістерді дамыту қоры құрылады. Әрине, бұл қордың негізгі ошақтарының бірі анимация саласы болмақ.

Креативтік өндірістерді дамыту қоры құрылады

Сурет: inbusiness.kz

«Креативтік өндірістерді дамыту қорының құрылуы маңыз­ды кезеңдердің бірі болды. Бұл инс­титуттың негізгі функциялары – таланттарды анықтау, жобалар­ды дамыту және отан­дық креатив­тік өнімді халықара­лық нарық­тарға ілгерілету. Қордың қыз­меті қаржылық және қар­жы­лық емес қолдау шараларын, соның ішінде гранттар мен кон­курс­тық бағдарламаларды қамти­ды. Бұдан бөлек, қорды қаржыландыруға қатысты норма қабылданып, лотерея билеттерін сату табысының кемінде 3%-ы креативтік индустрия­ларды дамытуға бағытталатын болды», дейді Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ аталған ведомство 16 жасқа дейінгі балалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салатын заң жобасы әзірленгенін хабарлады.

«Қолданыстағы заңнамаға енгізі­летін түзетулер топтамасы әзір­ге тек кең қоғамдық талқылауға шыға­рылды. Министрлікке ата-ана­лардан, мұғалімдерден және қоғамдық ұйымдардан көпте­ген өтініш түсті. Олардың сұра­ныс­тарын ескере отырып, біз халық­аралық тәжірибені зерделеп, сарапшылармен консультациялар жүргіздік. Соның нәтижесінде 16 жасқа толмаған балалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салу норма­сын енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл тыйым мессенджерлерге емес, тек әлеуметтік желілерге қолда­нылады», дейді баспасөз өкілі.

Иә, әлеуметтік желілердегі бұл шектеу кәмелетке тол­мағандардың қауіпсіздігін күшейту, оларды заңға қайшы контентпен байланыс орнату қаупінен қорғау мақ­сатын көздейді. Еске салсақ, мұн­дай талаптар әлемдік тәжірибеде де бар. Мәселен, Бельгия, Герма­ния, Франция, Италия елдерінде балалар әлеу­меттік желілерге ата-анасы­ның келісімінсіз тек 13-15 жас­тан бастап тіркеле алады. Басқа барлық жағдайда тіркелу үшін ата-ананың немесе қам­қоршының рұқсаты қажет. Ал әлемде алғашқы болып әлеумет­тік желілерді 16 жасқа дейінгі балаларға пайдалануға тыйым салу туралы шешімді жақында Аустралия мемлекеті қабылда­ды.

Бұдан бөлек министрлік өкілі кино, БАҚ және онлайн-платформалардағы контентті бойынша тиісті ұсыныстар айтты.

«Мәселен, көптің талқысына түсіп жатқан «Ауру» фильмі бастапқыда прокаттық куәлік алу үшін фильмнің 18+ жас ерекше­лігін сұрады. Алайда комис­сия бұл фильмді 21+ санатына жат­қызды. Әрине, бұл кинотуын­ды­дағы көптеген негізсіз зор­лық көрініс­терінің және де бала­ғат сөздер­ді көп пайдалануына байла­нысты», деп мәлімдейді министрліктен.

Еске салсақ, азаматтық қызмет­шілердің жалақысын арттыру жөніндегі тапсырма Мемлекет басшысы тарапынан берілген болатын. Министрлік бұл тапсырманы орындауда тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтсақ, 2022–2025 жылдар аралығында кітап­хан­ашылардың жалақысы екі есеге өсті.

«Бүгінде кітапханашылар­дың орташа айлығы 150 мыңнан 260 мың теңгеге дейінгі ара­лық­та, ол кітапхананың деңгейіне, сана­тына, тәжірибесіне және лауазы­мына байланысты», дейді министр­лік өкілі.

Әрине, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін қызметкерлерге, сондай-ақ экологиялық апат аймақ­тары мен радиациялық қауіп ай­мақтарында еңбек ететін­дерге қо­сымша төлемдер қарас­ты­рыл­ған. Үкімет қаулысына сәй­кес жер­гілікті атқарушы орган­дар ауыл­дық елді мекендерде жұ­мыс істей­тін архив мамандарына көтер­меленген жалақы бекіте алады.