Қоғам • Бүгін, 08:35

«Қазақмыс» – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары үздік компания

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында бас жүлдені «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жеңіп алды. Марапатты корпорация басшылығына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.

«Қазақмыс» – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары үздік компания

«Парыз» байқауы – халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы бизнестің қоғам алдындағы әлеу­меттік жауапкершілігін айқын­дайды. Биыл осы бағытта бірталай жұмыс жүргізіп, өңірлердің өмір сүру сапасын жақсарту бағытын­да ауқымды істер атқарған «Қазақ­мыс корпорациясы» үздік деп танылды.

Байқау бас жүлдесінің корпора­цияға берілуі бекерден бекер емес. «Қазақмыстың» әлеуметті қолдау бағытындағы қолға алған жұмыстары аз емес.

Компания 2025 жылы өңірлерді дамытуға және қызметкерлерді қол­дауға 90 млрд теңгеден астам қа­ра­жат бағыттаған. Бұл қаражат негі­зінен тұрғын үй, денсаулық сақ­­тау, ин­фрақұрылымды дамы­ту, білім беру, спорт және қызмет­кер­лер­ді қол­дау сынды салаларға жұм­сал­ды. Нақтырақ айтқанда, «Қазақ­мыс­тың» қаржылай қолдауы­мен Сәт­баев қаласында 320 орындық бала­­бақша пайдалануға берілді, Жез­­қаз­ғанда 8 мың шаршы метрді құрай­тын заманауи спорт кешені іске қо­сылды және осы қалада 900 ба­­лаға­ арналған Шахмат академия­сы ашылды; Төтенше жағдайлар ми­нистр­лігінің керек-жарағын сақ­тауға арналған еліміздегі алғашқы Авиациялық ангар салынды. Сон­дай-ақ корпорацияның қаржылай көмегімен Сәтбаев қаласындағы қоғам­дық кеңістік абаттандырылса, Же­зқазғанда геологиялық кластер мен оқу орталығы іске қосылды. Енді аума­ғы 4 мың шаршы метрді құрайтын, 200 орындық жатақханасы бар ірі спорт кешені пайдалануға берілмек.

Ұлытау облысы UMC клиникаларымен бірлесіп, жүрекке инно­вациялық әдіспен операция жасауды қолға алды. Бұл да «Қазақмыстың» көмегімен жүзеге асырылды.

Компания азаматтардың әлеу­меттік жағдайын жақсарту бағытын­да да жүйелі жұмыс жүргізіп келе­ді. Айталық, қызметкерлер мен олар­дың отбасы мүшелерін сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасын кеңейтті. Еңбеккерлерді тұрғын үймен қамту мәселесін де назардан тыс қалдырмай, 60-тан астам отбасын жаңа қызметтік баспанамен қамтамасыз етті. Оларды қаржылай қолдау мақсатында 50 АЕК көлемінде сыйақы белгіледі, бұл қаражат азаматтарға тоқсан сайын беріледі. Бұған қоса, ақшалай жүлделері бар әртүрлі байқауды өткізу де дәстүрге енген.

Әлеуметтік төлемдер де кө­бейтіліп, қосымша кепілдіктер мен қолдау бағдарламалары енгізілді, азаматтардың құқын қорғайтын жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды.

Корпорация өңірлерде өмір сүру мен кәсіби өсу үшін жағдай жасап, білім беру, спорт, мәдениет және инфрақұрылым нысандарын дамытуды одан әрі жалғастырып келеді.

«Қызметкерлерге, олардың отбасына және өңірдің әрбір тұрғы­нына қамқорлық жасау – біздің бұлжымас қағидамыз. Әрбір әлеу­меттік жоба – бұл адамдарға және аумақтардың болашағына салынған инвестиция. Бұл марапат – әрбір қызметкеріміздің, компа­нияға қатысы бар қалалардың дамуына үлес қосып отырған өңір тұр­ғын­­да­ры­ның еңбегі. Мен ұжымға еңбе­гі, бастамашылдығы және өз ісіне адал­дығы үшін шын жүректен алғыс айтамын», деп атап өтті «Қазақ­мыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев.

«Парыз 2025» сыйлығы «Қазақ­мыстың» өңірлердің тұрақ­ты дамуы мен әлеуметтік тұрақты­лығына қосып отырған үлесін растайды және осы жұмысты одан әрі нығайтуға ынталандырады.