Әлем • Бүгін, 21:14

Антальяда жер сілкінді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Антальяда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антальяда жер сілкінді

Зілзала Анталья провинциясындағы Серік ауданында тіркелген. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар департаменті X әлеуметтік желісінде жазды. Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша сағат 15:21-де болды. Жердің дүмпу ошақтары 28 км тереңдікте орналасқан.

Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісінің салдары туралы ақпаратты жарияламады. NTV телеарнасы жерасты дүмпулері көршілес аудандарда да сезілгенін хабарлады.

8 желтоқсанға қараған түні Антальяның Коньяалты ауданында магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Ол 20 км тереңдікте болды.