Әлем • Бүгін, 20:57

Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон бойынша ұйымының (IOM) жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы шешім Женевада өткен ұйым кеңесінің кезекті сессиясында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

Ұйым өкілдері Димаштың шығармашылығы адамзаттың рухани құндылықтарын насихаттап келе жатқанын атап өтті. Әнші әлемдік тыңдармандарға гуманизм, мейірім және мәдениеттерді жақындастыру идеяларын жеткізіп жүр.

IOM мәліметінше, Димаштың «Stranger» атты ән кештері Нью-Йорк, Мехико, Берлин секілді ірі қалаларда өтіп, 100 мыңнан астам көрерменді жинаған. Тыңдармандар оның өнерін «жүрекке ем, жанға дауа» деп бағалайды.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 2024 жылы осы ұйымның аймақтық ізгі ниет елшісі болып тағайындалған еді. Енді ол жаһандық деңгейде мигранттардың құқықтарын қорғау, қауіпсіз және реттелген көші-қон идеясын ілгерілету бағытында халықаралық бастамаларды қолдауға атсалысады.