Фото: Оқу-ағарту министрлігі
WorldSkills өңірлік чемпионаттарының нәтижелерін талдау негізінде 15 жаңа құзыреттілік қосылды. Олардың қатарында өнеркәсіптік дизайн, локомотивті басқару, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, құтқару жұмыстары, ветеринария, зертханалық-химиялық талдау, АКТ желілік инфрақұрылымы, мектепке дейінгі тәрбие, флористика, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық модельдеу, тоңазытқыш және желдету техникасына қызмет көрсету, қонақүй ресепшені, 1С платформасында бизнес-процестерді автоматтандыру құзыреттіліктері бар.
«Енгізілген жаңа құзіреттіліктер қазіргі технологиялық және салалық үрдістерді, сондай-ақ еңбек нарығының сұранысын көрсетеді. Бұл кадрлық әлеуетті дамытуға және ТжКБ жүйесі мен бизнес-сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді», дейді Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басшысы Әсет Мұхамбетов.
Айта кету керек, чемпионат жеңімпаздары 2026 жылы Қытайда өтетін халықаралық WorldSkills чеспионатына жолдама алады.