Фото: Видеодан алынған кадр
Желіде тараған видеодан оның мас күйде тұрғаны, бір сәтте пышақты өз мойнына тақағаны анық көрінеді.
Қауіпсіздік мақсатында дүкен қызметкерлері қолдарындағы заттарды пайдаланып, күдіктіні есікке қарай ығыстырған. Ер адам пышақты тастаған соң ғана дүкеннен шығып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл азамат бұған дейін де жасөспірімге шабуыл жасаған. Кейбір деректер оның психикалық ауытқуы болуы мүмкін екенін көрсетеді.
«Зардап шеккендер жоқ. 102 пультіне қоңырау түскеннен кейін күдікті ізі суымай ұсталды», деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.