Президент • Бүгін, 12:09

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның басшысы телефон арқылы тілдесті. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

— Президенттер екіжақты ықпалдастық қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар жоғары деңгейде, соның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 21-22 тамызда Қырғызстанға жасаған ресми сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолында атқарып жатқан мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентінің екі елдің достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы сан қырлы ынтымақтастығын кеңейтуге қосқан елеулі үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді, — делінген хабарламада.