Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Ғажайыпқа сенген бойжеткен

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа Зеландияда медицина мамандарын таңғалдырған ерекше оқиға болды. Пейдж Суистед есімді бойжеткен оң қолының саусақтары жансыздана бас­таған соң дәрігерге қаралған. Мамандар мұның қатерлі ісік белгісі екенін анықтап, небәрі 18 ай өмірі қалғанын жеткізген.

Ғажайыпқа сенген бойжеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

«Бұл хабарды есту, әрине, ауыр болды. Ісіктің көлемі гольф добындай үлкейіп кеткен. Бірақ мен інім мен сіңлімнің өскенін көргім келді», дейді ол сол сәтті еске алып. Содан бойжеткен 13 ай бойы химиотерапия мен сәулелік ем қабылдап, өмір сүруден күдерін үзбей, әйтеуір бір ғажайыпқа сеніпті. Ал емнен кейінгі тексерісте дәрігерлер аң-таң болыпы. Өйткені ісік ізім-ғайым жоғалып кеткен. Мінекей, бұл оқиға адамның ішкі сенімі кейде медицинаға да бағынбайтын керемет жасайтынын көрсеткендей.

 

Соңғы жаңалықтар