Фото: freepik.com
«Онлайн-платформалар және бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы 4 желтоқсанда «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Құжаттың 10 бап 1-тармағында балаларды денсаулығына және дамуына зиян келтіруі мүмкін ақпараттан қорғау мәселесі қамтылған. Онда 16 жасқа дейінгі балалардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салу көзделген. Тек жедел хабар алмасу сервистеріне тіркелуге қатысты ерекшелік қарастырылған.
Түсіндірме жазбада заң жобасын әзірлеудің мақсаты – онлайн-платформалардағы заңға қайшы контент көлемін азайту, сондай-ақ онлайн-платформалар мен масс-медианың дамуына байланысты заңнаманы өзектендіру үшін қажетті құқықтық негіз қалыптастыру.
Заң жобасы бойынша қоғамдық талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады.