Қоғам • Кеше

Ұтымды бастама

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 11 айда мүгедектік тобын белгілеуде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы жақсы нәтиже берді. Қанатқақты жобаны іске асыру шеңберінде өңірлерден 99,6 мың өтінім қаралды.

Ұтымды бастама

Сурет: egov.kz

Бүгінде сырттай форматта куәландыру 50-ден астам нозо­логиялық нысан негізінде жүзеге асырылады. Былтыр 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды. Бұл – куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ы.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сінің VI отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар адам­дарға барынша қолайлы жағдай жасауды, оларды инстанция­лар мен қағазбастылықтан арылтып, көрсетілетін қызметті беру­шілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды. Президент жүктеген міндетті орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп еліміздің барлық 20 өңірінде қа­нат­қақты жоба – медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүр­гізу­дің сырттай форматын іске қосты.

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алуға өтініш беру­ші тұрғылықты жеріндегі емха­наға жүгінуі, қажетті тексеруден өтуі қажет. Қалған үдерістер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу­дің нәтижесінде әкімшілік, бюро­кратиялық кедергілер жойылады. МӘС сараптамалық шешім­дерінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Мүгедектікті белгілеу мен мү­гедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау қыз­мет­терін үйден шықпай-ақ алуға мүм­кіндік туады. Көрсетілетін қыз­мет­ті алушының тиісті орын қызметкерімен тікелей байланысын болдырмайды, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі азаяды.

Соңғы жаңалықтар